Дархан Асаділов екінші іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

Дархан Асаділов екінші іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
Сурет: Оlympic.kz

Каратэ спортынан жекпе-жектер өтуде.

Бүгін 67 келіге дейінгі салмақта Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов сынға түсуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Токио Олимпиадасының бағдарламасына алғаш енгізілген спорт түрінен тұңғыш жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Жарыс ережесі бойынша спортшылар А және В тобына бөлінген. Әр топтағы бес спортшы бір-бірімен өзара кездесулер өткізіп, ең көп ұпай жинаған екі каратэші жартылай финалға жолдама алады. 

Отандасымыз Дархан өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевпен кездесіп, тағы да 6:2 есебімен басым түсті. 

Жерлесіміз өз тобында 4 ұпай жинап, көш басында тұр. 

Сондай-ақ, каратэден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды.