Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты

Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты
Сурет: olympic.kz

Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі

Нұр-Сұлтанда дзюдодан Азия чемпионатының екінші жарыс күні өтуде. Қазақстандық Данияр Шамшаев финалға өте алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі. Негізгі жекпе-жекте оған Муроджон Юлдашев (Өзбекстан) қарсы шығады.

Сондай-ақ, финалдық блокта Мөлдір Нарынова (63 келіге дейін) және Анастасия Маякова (70 келіге дейін) өнер көрсетеді. Олар «қола» үшін таласады.