Данияр Елеусіновтің жаңа қарсыласы белгілі болды

Данияр Елеусіновтің жаңа қарсыласы белгілі болды
Cурет: Egemen.kz

Данияр соңғы рет шаршы алаңға бір жыл бұрын шыққан

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жектегі қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Boxrec.com сайтының мәліметінше, Елеусіновтің жаңа оппоненті аргентиналық Хуан Эрнан Леаль (15-1, 4 КО) болмақ. Жекпе-жек он екі раундқа есептелінген, олар IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы вакантты титулы үшін айқаспақ.

Еске сала кетейік, әуелі Данияр Елеусінов мексикалық боксшы Данте Хардонмен (34-7, 25 КО) жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда ол спарринг кезінде қолын сыдырып алды. Елеусінов — Леаль жекпе-жегі 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтпек.

Данияр соңғы рет шаршы алаңға бір жыл бұрын, 2020 жылғы қарашада, шыққан болатын. Онда ол Джулиус Индонгоны (23-4, 12 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.