Данияны жеңген қазақстандық футболшылар сыйақы алады

Данияны жеңген қазақстандық футболшылар сыйақы алады
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл туралы құраманың бас бапкері Магомед Адиев мәлімдеді

Қазақстандық футболшылар Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуінде Данияны жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады. Бұл туралы құраманың бас бапкері Магомед Адиев мәлімдеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Хабар24.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазақстандық футболшылар үшін жанкүйерлері мен халықаралық сарапшылардың берген бағасы маңызды.

«Қаржылай сыйақыға келетін болсақ, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Алайда футболшылар үшін бұл жеңістің өзі – қандай да бір ақшадан қымбат. Себебі біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе, жанкүйерлеріміздің қолдауы мен берген бағасы маңызды», – деді футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.