Данияда көміртек сақтайтын қойма ашылды

Данияда көміртек сақтайтын қойма ашылды
Сурет: ашық дереккөз

Данияда көмірқышқыл газын сақтайтын алғашқы шекарааралық қойма ашылды. Ол Солтүстік теңізінің түбінен 1800 метр тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24 kz-ке сілтеме жасап.

 Осылайша, бұл ел климаттың өзгеруіне қарсы күреске өз үлесін қоспақ. Халықаралық қауымдастық ғаламдық жылынуды бір жарым градуспен шектеуді көздеп отыр. Осы мақсатта көміртегін ауаға шығармай, қоймада сақтау маңызды.  

- Ғалымдардың айтуынша, ауаға зиян көмірқышқыл газын таратпай, қоймада сақтау - климаттың өзгеруіне қарсы күрестің маңызды бір бөлігі. Бұл жоба осы жолдағы қажетті қадам болмақ,- дейді Урсула фон дер Ляйен Еурокомиссия төрағасы.