Дәрілік заттардың бірқатар атаулары бойынша бағалар 14% төмендеді

Дәрілік заттардың бірқатар атаулары бойынша бағалар 14% төмендеді
Сурет: Rg.ru

 Дәрі-дәрмек бағасының өсуіне жол бермеу үшін шекті бағалар белгіленді

Елдегі дәрі-дәрмек бағасы қалай реттелетінін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Вице-министр дәрі-дәрмек бағасының өсуіне жол бермеу үшін ведомство шекті бағалар белгілейтінін айтты.  

«Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 29 желтоқсанда қабылданған бұйрығымен реттеледі, шекті бағалар дәрілік заттардың 770 атауы бойынша белгіленген. Егер талдауға тоқталсақ, дәрілік заттардың 90%-на баға көтерілген жоқ. 10 пайызында (300-ден астам дәрі) баға көтерілді, бірақ біз әлемдік нарықты талдауға сүйендік, онда баға көтерілді. Оларды Қазақстан нарығынан жоғалтпау үшін біз бағаның өсуіне келісуге мәжбүр болдық. Ал 6 600 дәрі-дәрмек бойынша (бұл 90%) баға өскен жоқ. Оның үстіне, кейбір позициялар бойынша баға 14%-ға төмендеді», - деді ведомство өкілі.