Дәрігерлердің қателігінен зардап шеккендерге өтемақы төленуі мүмкін

Дәрігерлердің қателігінен зардап шеккендерге өтемақы төленуі мүмкін
Сурет: Balashiha.advokatservis.ru

Елде дәрігерлерді жазалау жеңілдеуі мүмкін.

Науқастың денсаулығына абайсызда зақым келтірген медицина қызметкерлеріне қылмыстық жауапкершілікті азайту қаралып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Өйткені медицина – жауапты сала. Дәрігерлерге артылатын жүк ауыр. Бірақ олардың еңбегі тиісті деңгейде бағаланбай отыр. Жыл сайын 300-ге жуық іс қозғалады. Оның 30 пайызы ғана дәрігерлердің кінәсі екені дәлелденген. Салдарынан көп білікті маман жұмыстан кетіп жатыр. Осы олқылықтарды реттеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі жаңа заң жобасын әзірледі. Медициналық оқиға салдарынан зардап шеккендерге өтемақы төленуі мүмкін. Ол үшін Ажар Ғинаят медицина қызметкерлері қызметіне міндетті сақтандыру енгізуді ұсынды.

«Дәрігерлер, заңгерлер болсын, осы бапты алып тастауын сұраған болатын. Біз бүгінгі заң жобасында дәрігерлердің әдейі емес, осы аурудың немесе операцияның қиын жағдайына байланысты, қажетті аппараттардың тағы басқа протокол дейміз болмаған кезде қолданылатын штрафтарын немесе бас бостандығын айыру жылдарын төмендеттік», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.