Дәрігерлер 550 мың теңгеден аса жалақы алады

Дәрігерлер 550 мың теңгеден аса жалақы алады
Сурет: Aussiedlerbote.de

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Жылдың соңына қарай дәрігерлер жалақысы орта есеппен 550 мың теңгеден асады, яғни Қазақстандағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бүгінгі таңда 8 жоғары оқу орны республиканың білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген 60-тан астам медициналық мамандық бойынша білім береді.

«Жыл өткен сайын мамандықтың беделі артып, медицинаға қызығушылық танытатын жастар көбейіп келеді. Медициналық жоғары оқу орындары жыл сайын 9 мыңнан астам маман бітіреді. 2021 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі грант құнын өсірді, бұл медициналық жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға айтарлықтай әсер етеді. Медицина қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын, жүйелі түрде арттыруға көбірек көңіл бөлінуде. 2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы орта есеппен 550 мың теңгеден асады және Қазақстандағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болады», - деді министр.