Дәрігер ыстық тағамның пайдасы туралы мифті жойды

Дәрігер ыстық тағамның пайдасы туралы мифті жойды
Сурет: Vk.com

Ыстық тамақ салқын асқа қарағанда пайдалырақ деген пікір қалыптасқан. 

Бірақ мұндай мифті ресейлік дәрігер-гастроэнтеролог Наталья Марченко жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның айтуынша, тамақтың температурасы оның құрамына байланысты болу керек. Кейбір азық-түлік өнімдерін шын мәнінде ыстық күйінде жеген жөн. Көбінесе, бұл құрамында майлары бар кез келген азық-түлік өніміне қатысты. Бірақ кейбір тағам түрлерін мүлде ысытудың қажеті жоқ. Маман үнемі ыстық ас ішу міндетті емес екенін атап өтті. Ең дұрысы, адамның дене температурасы қандай болса, тағамның да температурасы сондай болғаны жөн екен.