«Дұрыс қабылданған шешім болды»

Айнұр Даулбаева, №7 Оқушылар үйінің директоры:

 Қала басшылығы биыл  Оқушылар сарайын да модернизациялауды қолға алды.Сарайда жаңа бағыттағы заманауи аэромодельдеу, IT бағдарламалау үйірмелері, hi-tech, роботехника зертханалары, химия, физика, биология,  гидропоника зертханалары жұмыс істейтін болады деп күтілуде. Сондай-ақ, модернизациялау аясында обсерватория мен планетарийдің жұмысы қалпына келтіріледі деді қала басшысы.  Бұл ауқымды шара болашақта қосымша білім алатын бала санын екі есеге дейін көбейтуге ықпал етеді. Осылай барлық оқушылар үйлері кезең-кезеңмен модернизацияланады.

Алматыдай алып мегаполис үшін 17 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы деген өте аз. Яғни әр аудан бір оқушылар үйі, бір музыка мектебімен  ғана қамтылған. Наурызбай ауданында қосымша білім беру ұйымы мүлдем жоқ.  Соңғы кезде қаламыздың аумағы қарқынды өсуде. Жаңа ықшамаудандарға мемлекеттік бағдарлама бойынша жас отбасылар қоныстанып,  халқымыздың демографиялық өсімі күн санап артуда. Қала басшысы Б.Сағынтаевтың «Шетсіз қала» бағдарламасы аясында  Алатау және Наурызбай аудандарында жаңа үлгідегі мемлекеттік қосымша білім беру орталықтарын салуды жоспарлауы — балалар үшін ең басты үлкен жаңалық. Бұл Әкімдік тарапынан өте дұрыс қабылданған шешім деп ойлаймын.

2021 жылдың 8 қаңтарында «ҚР білім саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасының  Заңы қабылданды. Құжат негізінде енді қосымша білім беру бойынша мемлекеттік тапсырыстар  берілетін болады және қосымша білім беру жан басына қаржыландырылатын болады. Және осы Заңның аясында қосымша білім беретін жеке орталықтар мен ұйымдар да мемлекеттік тапсырыс алатын болады. Ал біздің қаламызда ондай жеке орталықтар өте көп.  Бұның бәрі  балаларды тегін қосымша біліммен қамту мәселесін түбегейлі шешуге деген бетбұрыс деп есептеймін.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *