Дәрігерлердің кәсібилігіне разымын

Ксения Алейникова, қала тұрғыны:

– Бүгін анам екеуміз қаладағы №17 емханада вакцина салдырдық. Медицина қызметкерлерінің кәсібилігіне тәнті болдым. Өте мұқият, ұқыпты әрі жауапты. Барлық сауалға жауап беріп, көрсетіп, түсіндірді. Басымды иіп, алғысымды жеткізгім келеді. Екпе туралы алып-қашпа әңгімелерге ермейік. Мынау беті жаман індетті ауыздықтаудың жалғыз жолы — екпе алу.

Кері әсері болған жоқ

Ұлпан Түменова, алматылық:

– Екпе ектіргеніме бүгін төртінші күн. Бәрі жақсы. Бірінші күні вакцина салған орын ауырды. Бірақ бас айналу секілді ешқандай кері әсерін байқамадым.

Әзірлеген Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *