Дәрігерден бастап, күзетшіге дейін сұраныс бар

Қазақстандық электрондық еңбек биржасында бүгінгі таңда 32 мыңнан астам бос жұмыс орны ашық күйінде тұр.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша, 2021 жылғы наурызда электрондық еңбек биржасына 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылған. Оның 49,8 мыңы – біліктілігі жоғары тәжірибелі қызметкерлер үшін. Жұмыс іздеушілер 51,1 мың түйіндеме жіберген, оның 34,3 мыңы білікті мамандардан түскен.

Өткен аймен салыстырғанда электрондық еңбек биржасындағы бос жұмыс орындарының жалпы саны 5%-ға, ал орналастырылған түйіндемелердің саны 17%-ға азайған.

Наурыз айындағы есеп бойынша, автобус жүргізушілеріне, күзетшілерге, даяшыларға сұраныс көп болған. Жүк тиеушілердің де, еден жуушы мен ас үй көмекшілерінің де қол күші бүгінгі еңбек нарығына ауадай қажет болып тұрған көрінеді.

Пандемия кезінде денсаулық саласындағы жоғары дәрежелі мамандарға да сұраныс артқан. Өткен айда жалпы тәжірибедегі дәрігер, педиатр, анестезиолог пен реаниматолог іздеген 3,2 мың вакансия жарияланған. Ал бұл бағытта 788 түйіндеме ғана түскен.

Ең көп вакансия ұсынылған аймақтар – Нұр-Сұлтан қаласы (9,4 мың), Қостанай облысы (7,4 мың) және Алматы қаласы (5,6 мың).

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *