D дәруменінің орнын дәрі-дәрмексіз толтыруға болады

D дәруменінің орнын  дәрі-дәрмексіз  толтыруға болады
Сурет: Fort.crimea.com

Нутрициолог кеңесі: D дәруменінің орнын дәрі қолданбай қалай қалпына келтіруге болатынын айтты

Нутрициолог Елена Воскресенская D дәруменіне бай бірқатар азық-түлік өнімдерін атады. Маманның айтуынша, бұл дәрумен ағзаға тамақпен бірге түсетін кальций мен фосфорды сіңіруге көмектеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН-ТВ сайтына сілтеме жасап. 

Бұл микронутриент қатерлі ісіктің дамуының, сүйек тінінің жұмсаруының және остеопорздың алдын алады. Сонымен қатар ол жүйке және иммундық жүйеге пайдалы, инсулин мөлшерін реттеп отырады. 

Воскресенская бұл дәруменнің 90%-ы ағзада ультракүлгін сәулелерлен бөлінетінін атап өтті. Алайда жаз маусымы қысқа болатын өңірлерде D дәруменін азық-түліктен алу керек екен. 

Бұл дәруменге майлы балық, сонымен қатар, қызыл және қара уылдырық, ұлудың жеуге болатын бір түрі (устрица) және нәлімнің (треска) бауыры бай келеді. Жабайы арқан балық (лосось), сутіл (палтус), кета, құнысбалық, скумбрия, сардина, майшабақ - бұлардың бәрі  D дәруменіне толы.

Айта кететіні, D дәрумені тек теңіз өнімдерінде ғана кездеспейді. Оны қалтаңызға салмақ түсірмейтін басқа өнімдерден де табуға болады. 

«Күн сәулесіне қанған орман саңырауқұлақтарында да D дәрумені өте көп. Бірақ супермаркеттерден табылатын саңырауқұлақтардың құрамында бұл дәрумен жоқтың қасы. Жұмыртқа, сиырдың бауыры, сары май, ешкі сүті, сүзбе мен ірімшік те - D дәруменінің тамаша баламалары», - деп мәлімдеді нутрициолог.