Дұрыс ұйықтау әдебі жайлы пайдалы кеңестер

Дұрыс ұйықтау әдебі жайлы пайдалы кеңестер
Сурет: You Tube

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше 7-9 сағат тынығуды қалыпты санаған.

Қазір көпшілік орташа ұйықының мөлшері 8 сағат екенін біледі. Алайда 5-6 сағатты жөн көретіндер бар. Психологтар адамның физикалық дене бітімінің шаршауымен қатар, жүйкені де тынықтыру қажеттігін айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Тым аз уақыт бөлу шаршауға, әлсіздікке, арты ашуланшақтық мінезге алып келеді.

Ғылымға сүйенер болсақ, адамдардың жас шамасына қарай қанша сағат ұйықтау керектігін төмендегідей тұжырымдаған. Жаңа туған нәресте тәулігіне 21-22 сағат, алты айлық нәресте 14 сағат, бір жасар сәби 13 сағат, төрт жасар сәби тәулігіне 12 сағат, жеті жасар бала 11 сағат, он жасар бала 10 сағат ұйықтайды. 15 жасар жасөспірім тәулігіне 9 сағат, 17 жасар жасөспірімдер 7 - 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті. Ғалымдардың ортақ пікірі бойынша, ересек адамдар үшін 7 мен 9 сағат ұйқы керек.

Қытай ойшылы Конфуций «Ұйқы - кіші жансыздық» депті.

Америкалық Майо клиникасы мамандарының пікірінше, етпетінен жату кезінде мойын бұлшық еті зақымданады екен. Осылай жатуды ұнататындарға қатты матрас, жастықты пайдалануға кеңес береді.

Сондай-ақ оң қырымен жату да мақұлданған. Өйткені, екінші дүниежүзілік соғыта  осы жағына аса мән берілген деседі.