Cоңғы 5 айда cамокаттар 29 жол апатына себепші болған

Cоңғы 5 айда cамокаттар 29 жол апатына себепші болған
Сурет:Ru.sputnik.kz

Қаладағы самокаттардың кесірінен қайғылы оқиғалар көп болып жатыр. Аталған мәселені азаматтар әлеуметтік желіге де жазып жүр. Бұл нағыз бас қатырарлық проблемаға айналған. Сонда оларға заңдық шектеулер қойылмай ма?


Бұл сұрақтың жауабын Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Мұны бір ғана Алматының мәселесі емес, республикалық деңгейдегі түйткіл деп қарастырған жөн. Самокатты әртүрлі жастағылар қолданады. Жылдамдықтары да баяу емес. Олар белгіленген жерден, жаяу жүргіншілер өткелімен жүруі керек, алайда көбіне олай емес. Соңғы 5 айда самокатшылардың қатысуымен 29 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Екі бала зардап шекті. Таяу арада шетелдік тәжірибені ескере отырып, осы мәселенің шешімін әкімдікпен бірлесіп табуды көздеп отырмыз», – деді Қанат Таймерденов.