COVID-19: Қызылорда облысы «жасыл» белдеуге өтті

COVID-19: Қызылорда облысы «жасыл» белдеуге өтті
Сурет: 24.kz

Кешегі матрица бойынша бұл облыс «сары» аймақтың қатарында болған.

2021 жылғы 03 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.

«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары орналасқан.