COVID-19: Қытайда оқу жылы кеш басталуы мүмкін

COVID-19: Қытайда оқу жылы кеш басталуы мүмкін
Сурет: Rbc.ru

Коронавирус өмірдің барлық саласына кесірін тигізіп отырғаны рас. Оның ішінде ең өкініштісі және салдары жағынан болашаққа қиын тиетіні – білім саласының онлайнға көшкені болды.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, ковидтік ахуалдағы әлем елдерінің жағдайы бір-біріне ұқсас. Қазақстанда бір ғана  тәулікте  7 769 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қытай билігі коронавирусқа байланысты оқу жылының басталуын кейінге қалдыруы мүмкін. Синьхуа агенттігінің мәліметінше, мектеп басшылары мен жергілікті басқару органдарына жағдайдың өрбуіне байланысты барлық мүмкін сценарийлерге мұқият дайындалуға нұсқау берілген.

Америка әкімшілігі сырттан келген барлық шетелдіктерден толық вакциналануын талап ететін іс-шаралар кешенін әзірлеп  жатыр. Бұл туралы сәрсенбіде Ақ үйдің өкілі Reuters агенттігі хабарлады.

Бірқатар елдерде коронавируспен ауыратындардың саны бойынша антирекордтар анықталды: Малайзияда 20 596 жағдай, Жапонияда 14 211 жағдай, Өзбекстанда 951 жағдай анықталды. Сонымен қатар, Токиода 5 042 жағдай тіркелді.

Ресейлік «Эпиваккорона» вакцинасының тиімділігі екпе салдырғаннан кейінгі 42-күні шамамен 80% құрады.  Коронавирусқа қарсы IgG антиденелері аралық клиникалық зерттеулер кезінде еріктілердің 79%-ында анықталды. Тәуелсіз тексеруге 2 999 адам қатысты. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның иммунологиялық тиімділігін көрсетеді. «ЭпиВакКорона» - «Вектор» мемлекеттік ғылыми орталығы пептидтік платформада жасаған вакцина. 

Украина азаматтары коронавирус инфекциясына қарсы Pfizer және Moderna-ны таңдайды. Өткен тәулікте украиндықтардың вакциналау бойынша рекордтық саны тіркелді – 159 121 адам: 95 690 бірінші дозасын алса, екінші компонентін 63 431 адам салдырған. Қазіргі уақытта бұл елде COVID-19 вакциналарының 4 түрі қолданылады - Pfizer/BioNTech, Мoderna, CoronaVac, AstraZeneca. Алғашқы екі түрі ең көп таңдауға ие болды. Иммундау науқаны басталғаннан бері 6 070 323 екпе жасалды. 3 855 095 адам бірінші дозамен, 2 215 230 екінші дозамен вакциналанды.

Әлем 200 млн-дық межеге жетті . Бір апта бұрын Джонс Хопкинс университеті КВИ инфекциясы туралы жасаған болжамына әлем бірнеше күнде-ақ жетті. Статистикаға сәйкес, анықталған COVID-19 эпизодтарының жалпы саны 200 014 602-ді құрады, эпидемиядан зардап шеккендер саны - 4 252 873 адам.                                                                                                                       

АҚШ-та вирус жұқтыру бойынша 35 292 721 жағдай анықталды және 614 666 адам қайтыс болды, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Одан кейін 31 769 132 дерекпен Үндістан екінші орында тұр. Алғашқы үштіктегі тағы бір ел - Бразилияда 19 985 817 жағдай орын алған. 4 млн және одан да жоғары көрсеткіш Ресей, Франция, Ұлыбритания, Түркия, Аргентина, Колумбия, Испания, Италия және Иранда тіркелді. Вакцина алмаған адамдар көз жұмудың жоғары қаупі бар тәуекел тобында.  

Латвияда маусым айында қайтыс болғандардың 99,2%-і COVID-19 салдарынан көз жұмған, оның 117-сі - вакцина салдырмағандар. Басқалары екпе курсын толығымен аяқтамаған. COVID-19 бойынша ауыр асқынулармен ауруханаға түскендердің басым көпшілігі - созылмалы аурулары бар егде жастағы науқастар. Латвияның аурулардың алдын алу және бақылау орталығы COVID-19 вакцинасынан өткен адамдар арасында вирусқа шалдығу деректері аз тіркелетіндігін, ал жұқтырған жағдайда ауру жеңіл түрде жүретіндігін және сирек жағдайларда стационарлық ем талап етілетіндігі туралы мәлімдеді.