COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық компонентін алғандар 8,5 миллионнан асты

COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық компонентін алғандар 8,5 миллионнан асты
Сурет: 24.kz

 Елде вакцина алғандар саны қаншаға жетті?

2021 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 8 976 006 адам, 2 - ші компонентін 8 502 383 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram каналына сілтеме жасап.

 Сонымен бірге, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат та жаңарды

2021 жылғы 29 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының
   І-ші компонентімен
 Жасөспірімдер – 265 373,
 Жүкті әйелдер – 18 821,
 Бала емізетін әйелдер – 45 910.
 ІІ-ші компанентімен
 Жасөспірімдер – 104 428,
 Жүкті әйелдер – 6 939,
 Бала емізетін әйелдер – 17 637.