COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар көбейіп келеді

COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар көбейіп келеді
Сурет: Interfax.ru

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде індетті 1 306 014 адам жұқтырды.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 32 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.   

21 маусымда коронавирус науқастары келесі өңірлерде анықталды: Нұр-Сұлтан қаласында - 7, Алматы қаласында - 18, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 1, Ақтөбе облысында - 1, Атырау облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында -1, Қарағанды облысында - 1, Қызылорда облысында -1.