COVID-19 вирусы адам тіндерінде қанша уақыт сақталады?

COVID-19 вирусы адам тіндерінде қанша уақыт сақталады?
Сурет: Gazeta.ru

Бұл процесс КВИ-мен ауыратын барлық науқастарда бірдей байқалмайды.

Ресейлік иммунолог Денис Проценко COVID-19 вирусы адам тіндерінде қанша өмір сүре алатындығы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Вирус адам тіндерінде бір айдан астам мерзім сақталады екен.

«SARS-CoV-2 бастапқыда әсер ететін тіндерде қалады. Ол қан тамырлары мен өкпе жасушаларына енеді. Ол кез келген жерде болуы мүмкін. Негізінен өкпеде, тыныс жолдарының шырышты қабығында, жүрек бұлшық етінде, жүйке тінінде және бүйректе болады», - деді Денис Проценко.

Бұл процесс КВИ-мен ауыратын барлық науқастарда бірдей байқалмайды. Иммунолог атап өткендей, иммун тапшылығы, оның ішінде дәрілік, туа біткен өзгерістер немесе адам гормондарды қабылдаса немесе трансплантациядан кейін ауытқулар болуы мүмкін.