COVID-19 Солтүстік Кореяға жетті

COVID-19 Солтүстік Кореяға жетті
Сурет: Euronews.com

Бұл елде локдаун жарияланды.

Корей Халық Демократиялық Республикасында COVID-19 инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелді. Ким Чен Ын бүкіл ел бойынша локдаун енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

12 мамырда Кореяның орталық телеграф агенттігі «Елде төтенше жағдай жарияланды» деген хабарлама таратты.

«Эпидемияға қарсы майдан 2020 жылдың ақпан айынан бастап екі жыл үш ай бойы сенімді түрде қорғалды», - делінген ТАСС хабарламасында.

Пхеньянда қызуы жоғарылаған науқастар тобын тестілеу нәтижесінде  коронавирустың «омикрон» нұсқасы анықталды. Жұқтырғандардың нақты саны көрсетілмеген.

«Біз олқылықтардың алдын алу үшін барлығын жасауымыз керек»,- деп мәлімдеді Корея Еңбек партиясы ОК Саяси Бюросының шақырылған отырысында КХДР басшысы Ким Чен Ын.

Ол елдің барлық қалалары мен аймақтарында локдаунды енгізуді бұйырды.

Айта кетсек, бұған дейін КХДР билігі коронавирус жұқтыру жағдайлары туралы хабарламаған еді.