COVID-19: пандемия әлі аяқталған жоқ

COVID-19: пандемия әлі аяқталған жоқ
Сурет: Anadolu Agency

Бұл ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюстің сөзі.

ДДСҰ коронавирустың «омикрон» штамының BA.4 және BA.5 екі жаңа кіші түріне мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

Ұйым қызметкерлері олардың қаншалықты жұқпалы екенін анықтауда.

Сонымен қатар ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс әлемдегі COVID-19 пандемиясының әлі аяқталмағанын жеткізді.

Ол соңғы аптадағы COVID-19 бойынша өлім-жітім көрсеткішін пандемияның екі жылындағы ең төменгі деңгей екенін атап өтті, бірақ вирус өте жұқпалы және «эволюциясы жалғасуда».