COVID-19 кімдерге аса қауіпті болып тұр?

COVID-19 кімдерге аса қауіпті болып тұр?
Сурет: Gazeta.ru

Әсіресе, қант диабетінің ауыр түрлері, инсульт, жүрек аурулары және гипертонияның ауыр түрлеріне шалдыққан науқастар сақ болуы керек.

Ресейлік терапевт, иммунолог Ирина Ярцева созылмалы аурулары бар науқастар үшін COVID-19 вирусы аса қауіпті, көз жұму жағдайларына дейін әкелуі мүмкін дейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дәрігер ауру салдарынан қайтыс болу ықтималдығы жоғары жастағыларды атап өтті.

Бұл 45 жастан асқан семіздіктен зардап шегушілер мен шылым пайдаланатын ер адамдар.

Ал әйелдер арасында бұл артық салмағы бар және  қозғалысы аз өмір салтын ұстанатын диабетиктер, сондай-ақ қарт адамдар.

«Көбінесе өлім қаупі коронавирустың ауыр ағымынан кейін пайда болады — ӨЖЖ аппаратындағылар немесе ауру асқынып, ауыр ағымда  өтіп жатқан адамдар қауіп тобында», -дейді иммунолог Ирина Ярцева.