COVID-19 қарсы вакцина алған қазақстандықтар саны артты

COVID-19 қарсы вакцина алған қазақстандықтар саны артты
Сурет: Id-clinic.ru

9 475 840 адам вакцина салдырды.

Коронавирусқа қарсы екпе алушылар саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 21 сәуір күнгі мәліметі бойынша, Қазақстанда I компонентпен 9 475 840 адам, II компонентпен 9 224 495 адам вакцина салдырды. Сонымен қатар 3 757 386 адам ревакциналанды.

Қазақстанда PFIZER вакцинасын алған адамдар саны 1 027 356 адамға жетті.