COVID-19 індетіне шалдыққандарда ұйқының бұзылу қаупі төрт есе артады

COVID-19 індетіне шалдыққандарда ұйқының бұзылу қаупі төрт есе артады
Сурет: Мsk.ramsaydiagnostics.ru

Covid-19 вирусының ұйқыға әсері постковидті синдром деп аталатын жағдайлар кешенінің бөлігі болуы мүмкін.

Қытай зерттеушілері COVID-19 пандемиясы кезінде ұйқының бұзылуы 2-4 есе артқанын, коронавирустық инфекциямен ауыратын адамдар тобында ең жоғары көрсеткіштер байқалғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ғалымдар 15 елден келген 26 539 адамның деректерін талдады. Онлайн-сауалнама ұйқының бұзылуы туралы мәлімдеген адамдардың саны COVID-19 пандемиясына дейін жүргізілген ұқсас зерттеулерге қарағанда 2-4 есе көп екенін көрсетті.

Ең қызығы, COVID-19 инфекциясымен ауыратын адамдардың шамамен 8%-ы ұйқы проблемалары туралы хабарлады, ал коронавирусқа шалдықпаған сауалнамаға қатысушылар арасында бұл көрсеткіш тек 3%-ды құрады.

Covid-19 вирусының ұйқыға әсері постковидті синдром деп аталатын жағдайлар кешенінің бөлігі болуы мүмкін. Тек вакциналау және ревакциналау коронавирустық инфекциядан сенімді қорғауды қамтамасыз ете алады.