COVID-19: Елімізде қанша адам вакцина салдырды

COVID-19: Елімізде қанша адам вакцина салдырды
Cурет: Egemen.kz

31 853 бала емізетін әйел вакцина салдырған

Қазақстанда коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

16 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 062 324 адам, 2 - ші компонентін 8 620 751 адам салдырды.

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратқа сәйкес Pfizer вакцинасының І-ші компонентін 353 537 жасөспірім, 24 255 жүкті әйел, 61 700 бала емізетін әйел салдырған.

Вакцинаның ІІ-ші компонентін 182 257 жасөспірім, 11 886 жүкті әйел, 31 853 бала емізетін әйел салдырған.