COVID-19 әсерінен миллионнан астам АҚШ азаматы қайтыс болды

COVID-19 әсерінен миллионнан астам АҚШ азаматы қайтыс болды
Сурет: Rabochy-put.ru

Қайтыс болғандардың саны 1 028 014 адамға жеткен.

Коронавирустың әсерінен АҚШ-та миллионнан астам адам қайтыс болды. Мұндай деректерді Джонс Хопкинс университеті өзінің ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап. 

 Ұсынылған мәліметтер бойынша, COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 19 мамырда 1 028 014 адамға жеткен. 

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері АҚШ-та таралатын коронавирустың америкалық түрі инфекция жылдамдығы бойынша ең қарқынды болғанын атап өтті. Бұл нұсқа көптеген Штаттарда басым болып саналады», - делінген ВАК мәліметінде. 

Бұған дейін ДДҰ тестілеудің қысқаруына байланысты коронавирус мутациясын бағалауда қиындықтар туындағанын мәлімдеді.