COVID-19: әлемдегі жағдай

COVID-19: әлемдегі жағдай Сурет: 24.kz

Ұлыбритания жасөспірімдеріне КВИ-ге қарсы егу басталды.


Британия елінде коронавирусқа қарсы балаларға инъекция жасау үшін ата-аналардың рұқсаты қажет емес, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.


Ұлыбританияда 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы егу басталды. Англияда көптеген жағдайларда вакцинация тікелей мектептерде жасалады. Уэльсте мектептерден басқа вакцинация орталықтарында жасауға болады. Шотландияда жасөспірімдерді клиникаларда вакцинациялауға болады. Оқушыға инъекция жасау үшін ата-аналардың рұқсаты қажет емес.


Беларуссияда COVID-19 төртінші толқынының басталғаны туралы хабарланды. Денсаулық сақтау министрі Дмитрий Пиневичтің айтуынша, елде аурудың жоғары деңгейі күн сайын өсуде, ауруханаға жатқызу көрсеткіші де артуда. Бұл денсаулық сақтау жүйесі күштерінің жан-жақты жүктемесін талап ететінін атап өтті.


 Украина Үкіметі елдегі карантинді 31 желтоқсанға дейін ұзартты. Режим эпидемиологиялық жағдайға байланысты аймақтарда әртүрлі шектеулер енгізуді көздейді. Украинаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы аптада COVID-19 расталған жаңа жағдайлардың саны 68%-ға, ауруханаға жатқызу 51%-ға өсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33