Cиноптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Cиноптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Сурет: Ru.oxu.az

Cолтүстік өңірлерде күн салқын болады.

«Қазгидромет» мамандары маусымның 2-4 күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде күн салқын болады. Себебі Атлант ауасының суығымен қоректенетін солтүстік антициклон, республика аумағы арқылы жылжи бастайды, бұл ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

«Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік аймақтарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін, тіпті оңтүстік аймақтарда 4 маусымға дейін суық антициклонның жақындауы байқалады, бірақ мұнда үсік болмайды, дегенмен термометрлер күндіз 18-23 градусқа дейін төмендейді», - делінген синоптиктердің хабарламасында.