Чили радиосы Димаштың әндерін шырқайды

Чили радиосы Димаштың әндерін шырқайды
Сурет: Dimashnews.com

Бір ай бойы таңғы 7-ден 10-ға дейін композициялар эфирден таралады.

Күн сайын маусым бойы танымал Чили MIX TV радиосының эфирінде Димаш Құдайбергеннің композициялары орындалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Чили радиостанциясында қазақстандық әртіске арналған алғашқы эфир өткен жұмада, 2 маусымда өтті. Бұл Dimash Latin Dears фан-клубының Димаш жанкүйерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Енді маусым айында орындаушының композициялары күн сайын таңғы 7-ден 10-ға дейін эфирге шығады.

«Біз Димаштың әндері Чили радиосында ұзақ уақыт бойы шырқалатынына өте қуаныштымыз! Сонымен қатар, Димашқа арналған бағдарламада тек әндер ғана емес, Dears-тің құттықтаулары мен әртістің шығармашылық өмірбаяны баяндалады!»,- деп бөлісті Dimash Latin Dears.