Черногорияда елге кіру талаптары күшейтілді

Черногорияда елге кіру талаптары күшейтілді
Сурет: Liveinternet.ru

Коронавирус дес бермеуде

Францияда Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының жанында дәрігерлердің міндетті вакциналауына қарсы наразылықтар өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Наразылық білдірушілер ауруханалардың жабылуына және аурухана төсектерінің қысқаруына наразы. Француздар бір аптадан бері наразылық білдіруде. Бұған дейін азаматтар вакциналау паспорттарына қарсы көшеге шыққан болатын.

Черногорияда елге кіру ережелері күшейтілді. 14 қыркүйектен бастап елге толық вакциналаудан кейін екі апта өткенде немесе 72 сағаттан ерте емес ПТР-тест болған кезде кіре аласыз.

Елге кіру үшін антигендерге арналған тест 48 сағаттан ерте жасалмауы керек.