Черчилль салған сурет

Ұлыбритания елінің атақты премьер-министрі Уинстон Черчилльдің өз қолымен салған суреті аукционға қойылмақ. Сарапшылар оны 3,5 миллион долларға сатылуы мүмкін деп болжауда. Картинаны Анджелина Джоли сатқалы жатыр. Марокконың Марракеш қаласындағы «Кутубия мешітінің» мұнарасы бейнеленген туындыны Черчилль 1943 жылы салып, АҚШ президенті Франклин Рузвельтке сыйлаған. Бәссауда 1 наурызда өтуі тиіс.

Туындыны сатып аламыз деп Ұлыбритания мен АҚШ-тан хабарласып жатқандар көп көрінеді. Таяу және Қиыр Шығыстан да қызығушылық танытып жатқандар баршылық. Мұражайда одан өзге Уинстон Черчилльдің тағы 2 картинасы бар. Біреуі Марракеш қаласының көрінісі болса, екіншісінде әулие Павел шіркеуінің ауласы бейнеленген. Черчилль Лондонның суретін жиі салған екен.

 

Дайындаған Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *