Челси үздіктер қатарында жарқырауда

Челси үздіктер қатарында жарқырауда Сурет: Sport24.ru

Футболдағы Челси дәуірі.


Ұлыбританиялық «Челси» испаниялық «Вильярреалды» жеңіп, УЕФА суперкубогын иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  Almaty.tv-ға сілтеме жасап.


Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы «Уиндзор Парк» стадионында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Хаким Зиештің голына (27-минутта) испандар Жерар Мореноның дәл соққысымен (73-минутта) жауап берді.


Берілген қосымша уақытта командалар алға шыға алмады. Нәтижесінде жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.


Есеп бойынша, «Челси» ойыншылары 6:5 есебімен жеңіске жетті.


Айта кетейік, өткен маусымда «Челси» Чемпиондар лигасында топ жарған, ал «Вильярреал» Еуропа лигасын жеңіп алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет