Чеботьконың соңғы сапары

 

Қаңтардың 23-інен 24-іне қараған түні Ақмола облысының Боровое кенті маңында шаңғымен жүгіруден әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт олимпиадаға қатысушы Николай Чеботько жол апатынан көз жұмды. Ол досымен бірге балық аулаудан келе жатып, көлік рөліне ие бола алмай қалған. «Мерседес» көлігі жол шетінде тұрған ағашқа соғылғанда, Николайдың қасында отырған досы алдыңғы терезеден ұшып кеткен. Ал Чеботько отырған есік ағашқа қатты соғылғандықтан, даңқты спортшы қысылып қалған. Досы ес жиып келіп, жедел жәрдем шақырғанша, Николай о дүниелік болып кетіпті…

Николай Чеботько жасы қырыққа таяса да, әлі белсенді спорттан қол үзе қоймаған еді. 2013 жылы Италияның Валь-Ди-Фьемме қаласында ол командаласы Алексей Полторанинмен бірге әлем чемпионатының командалық спринт сынында қола жүлдеге ие болды. Азия ойындарында үш рет топ жарды, төрт күміс, екі қола жүлде жеңіп алды. 2012 жылы Квебекте (Канада) Денис Волоткамен бірге әлем кубогінің үшінші кезеңінде алтын жүлде жеңіп алып, қазақ спортының жылнамасына жаңа жеңіс үлгісін енгізді.

Волотько әмбебап шаңғышы болып саналатын. 2014 жылғы Сочи олимпиадасының командалық спринт бағдарламасында А.Полторанин өз кезегінде Николайға эстафетаны үздік үштікте тапсырған еді. Волотько бұл басымдықты ұстап тұра алмады, мәреге қалың топ арасында жетті. Артынша журналистерге анасымен бірге сұхбат беруге келгенде, Николайдың қатты ыңғайсызданып, уайымдап тұрғанын аңғардық. Өзін кінәлі сезініп, біраз уақыт сөз алмай отырғаны да есімізде.

Ол Владимир Смирнов, Андрей Невзоров, Павел Рябининдерден кейін қазақстандық шаңғы спортының туын желбіреткен талантты буынның өкілі болды. Қазақстандық спортшылар алдағы уақытта барлық жетістігін Волотько құрметіне арнайтынын ескертті.

 

Естен САБАЛАҚ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *