Cенат депутаттарының сайлауы қалай өтетіні айтылды

Cенат депутаттарының сайлауы қалай өтетіні айтылды
Сурет: Gov.kz

29 қарашада үміткерлерді ұсыну жұмысы басталады.

28 қарашада Қазақстанның сайлау комиссиясы сенат депутаттарының сайлауы қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Үміткерлерді ұсыну жұмысы желтоқсанның 14 күні аяқталып, 24 желтоқсан  үгіт-нәсихат жұмыстары басталады. Насихат жұмыстарықаңтардың 13 дейін жүргізіліп, тыныштық күні басталады. Ал қаңтардың 14 күні дауыс беру күні болады. Бұл туралы мамандар ОСК отырысында айтты.

«Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және оның аумағында соңғы 10 жыл бойы тұрақты тұратын адам Парламент депутаты бола алады. 30 жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, облыс аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады. Кандидаттың белсенді дауыс беру құқығы болуы керек», - деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров дүйсенбі күні өткен отырыста.