Cайлау заң шеңберінде өтті

Cайлау заң шеңберінде өтті
Сурет: Egemen.kz

Мұндай пікірді «HAQ» қоғамдық қайырымдылық қоры білдіріп отыр. 

Бұл қоғамдық қоры он екі өңірде президент сайлауының барысын бақылаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстандағы 400-дей сайлау бөлімшесінде қордың 600-ден аса тәуелсіз байқаушысы жұмыс істеді. Олардан бөлек, тағы 40-тан аса ұйым бірлесе бақылау жүргізді. Арасында өңірлік және республикалық ұйымдар да бар. Тәуелсіз байқаушылар саяси науқан бойы ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде жарық көрген материалдарды да зерттеген.

«Салыстырмалы түрде айтқанда, басқа сайлаудан осы сайлаудың ерекшелігі бар. Айырмашылығы бар. Жеңілдетіп жатыр. Және саяси жүйе либералдыққа, демократиялық өзгерістерге келе жатыр. Соны біз байқай алдық. Шынымен де сайлау учаскелерінде Тоқаевтың жеңісі басқаларға қарағанда зор. Егер менің учаскемде Тоқаевқа 490 дауыс берсе, қалған бес кандидатқа көп болса 10-12 адам дауыс берді», - дейді «HAQ» ҚҚҚ атқарушы директоры Тоғжан Қожалы.