Қазақстанда көліктердің саны азайып, бағасы көтеріліп жатыр

Қазақстанда көліктердің саны азайып, бағасы көтеріліп жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстан жолдарындағы 100 көліктің 64-і - қоқыс.

Қазір елге «жаңа» көлік әкелетін болсаңыз, қозғалтқыш көлеміне байланысты соңғы құнына 459,5 мыңнан 3,5 млн. теңгеге дейін ақша қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың қазан айының соңында Қазақстан Республикасының жолдарында 3,8 млн автокөлік тіркелген, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға (немесе 100,7 мыңға) аз. Оның 94,5%-ы, яғни  3,6 млн автокөлік – жеке тұлғалардың автокөліктері, бұл бір жыл бұрынғыдан 96,6 мыңға аз.

Тіркелген жеңіл көліктердің үштен екісіне жуығы, яғни 2,4 миллионы қозғалтқышының көлемі 1,1 мыңнан 2 мың текше метрге дейінгі автомобильдерге тиесілі. Бұл көліктердің де саны бір жыл ішінде 3,3%-ға азайды.

Олардан кейінгі орында қозғалтқыш көлемі 2000-нан 3000 текше метрге дейінгі автокөліктер келеді: 1,1 млн, бұл  – 2020 жылдың қазан айымен салыстырғанда 2,1%-ға аз. Қозғалтқыш көлемі 3 мың текше метрден асатын автокөліктер саны  200,9 мың автокөлікті құрады – бір жыл бұрынғыдан 1,5%-ға аз. Қозғалтқыш көлемі 1,1 мың текше метрге дейін шағын автомобильдер небәрі 46,9 мың автокөлікті құрады, бұл 2020 жылдың қазан айымен салыстырғанда 2%-ға аз.

Тіркелген автокөліктер саны қозғалтқыш көлеміне қарамастан қысқарады. Сонымен қатар, жаңа автокөліктер санының 12%-ға дерлік өскеніне қарамастан, олардың үлесі небәрі 13,4%-ды немесе 506,8 мың автомобильді құрады; оның үстіне 5 жыл бұрын олардың саны 15% немесе 589,8 мың автокөлік болған.

Қазақстан жолдарында жүрілгеніне 10 жылдан асқан автокөліктердің саны басқаларынан гөрі көбірек, бір жыл ішінде 4,4%-ға (немесе 111 мыңға) азайып, 2,4 млн автокөлік болды. 3 жылдан 7 жылға дейінгі жүрілген автокөліктер саны бір жылда 12,7%-ға азайып, 508,8 мың болса, 7 жылдан 10 жылға дейінгі жүрілген автокөліктер саны бірден 16,2%-ға өсіп, 304,7 мың автокөлікті құрады.

Сонымен қатар, көліктердің құны өсуде. Осылайша, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда олардың бағасы 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға өсті. Бағаның қымбаттауына жартылай өткізгіштердің тапшылығы, металдардың қымбаттауы және логистикалық дағдарыс әсер етті. Дегенмен, 2017-2020 жылдар аралығында автокөлік бағасының жылдық өсімі 8,1%-дан 8,8%-ға дейінгі аралықта болған.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «РОП Оператор» ЖШС жауапты болатын көлік құралын Қазақстан Республикасына әкелу үшін міндетті утиль алымы алынып келді. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап автокөліктердің  қозғалтқышының көлеміне байланысты алым сомасы 459,5 мың теңгеден 3,5 миллион теңгеге дейін болады, бұл көліктің соңғы құнына салынады. Оның үстіне «Хабар24» агенттігінің хабарлауынша, «Тәуелсіз автокөлік одағының» төрағасы Е.Эдоковтың айтуынша, Еуропада мұндай төлем шамамен 200 еуроны (шамамен 100 мың теңге) құрайды.

 2020 жылдың қорытындысы бойынша, утиль алымы енгізілгеннен бері Қазақстанға әкелінетін жыл сайынғы автокөлік импорты орта есеппен 31,8 мың дананы құрады.

Салыстыру үшін: 2015 жылы елімізге 71,1 мың, ал 2014 жылы 168,4 мың автокөлік әкелінсе, бұл ретте өткен жылдың 10 айында Қазақстанға небәрі 82,4 мың көлік әкелінген.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та «РОП Оператор» ЖШС жұмысының ашықтығына күмән келтірді. Ол үкіметіке утиль алымын тоқтатуды тапсырды. Тарифтердің өздері қайта қаралуы керек.