Бүгін кешке Алматы әкімі тікелей байланысқа шығады

Бүгін кешке Алматы әкімі тікелей байланысқа шығады
Сурет: Prime.minister.kz

Шаһар басшысы азаматтардың толғандырған сауалдарына жауап береді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 14 шілдеде сағат 19.00-де Аkimat LIVE бағдарламасында тікелей эфирде көрермендердің сұрақтарына жауап береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Сіздер өз өтініштеріңізді +7 (777) -046-33-33 WhatsApp нөміріне жібере аласыздар немесе +7 (727) - 275-01-02, +7 (727) -275-22-16 телефондары арқылы тікелей эфирде сауал қоя аласыздар. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жарияланымдар астында пікірлер қалдыруыңызға болады.

Бағдарламаның трансляциясын «Алматы» телеарнасының сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми беттер: YouTube, Facebook-тен көріңіз.