Бүгін елімізде паралимпиадалық спорт түрлерінен жарыс басталды

Бүгін елімізде паралимпиадалық спорт түрлерінен жарыс басталды
Сурет: China.org

Дәстүрлі доданың мақсаты – еліміздегі мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

24 қыркүйек пен 5 қазан аралығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында еліміздің VI Спартакиадасы аясында паралимпиадалық спорт түрлерінен жарыстар өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында Қазақстанның VI Спартакиадасын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласы қабылдайды. Нұр-Сұлтан мен Алматыда паралимпиадалық, ал Шымкентте параалимпиадалық емес спорт түрлерінен бәсеке өтеді.

Биылғы спартакиадада 14 спорт түрі бойынша еліміздің 14 облысынан және республикалық маңызы бар 3 қаладан келген 1700-ден астам спортшы бақ сынайды.