Бүгін Алматыда OCTAGON 23 турнирі басталмақ

Бүгін Алматыда OCTAGON 23 турнирі басталмақ
Сурет: Рrosports.kz

Бүгін ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

Алматыда OCTAGON 23 турнирінің салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

17 қыркүйекте өтетін кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Денис Муцнек тәжікстандық Фарход Давлятовпен кездеседі. Спортшылар жартылай жеңіл салмақтағы бос тұрған титулды сарапқа салады.

Аталған турнир 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.

Трансляция YouTube OCTAGON TV каналында, сондай-ақ Qazsport телеарнасының сайтында қолжетімді болады.