Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Egemen.kz

Қазгидромет» РМК 11 қарашада еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктер мәліметінше, бейсенбі күні ауа сапасы Алматы, Шымкент, Балқаш, Жезқазған қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.