Бүгін Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды
Cурет: Ашық дереккөз

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады

1 қарашада Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматы және Атырау қалаларында жағымсыз метеожағдай қалыптасады.
Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.