Біздің тілшіміз шахматтан өткен жарыста жеңіске жетті

Біздің тілшіміз шахматтан өткен жарыста жеңіске жетті
Сурет: Muftyat.kz.

Біздің тілшіміз шахматтан өткен жарыста жеңді

Жеңіс құтты болсын!

Шахматтан Қазақстан БАҚ арасында III Кубокта бірінші орынды "Вечерний Алматы" газетінің ұжымы иеленді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орайластырылған іс-шара ойын Lichess.org платформасында өтті. Оны Air Astana әуе компаниясы мен Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырды.

"Вечерний Алматы" газетінің тілшісі Саяхат Боранбаев шахматтан Қазақстан БАҚ арасында III Кубокта бірінші орынды иеленді. Жеңіске жеткені үшін оған Алматы-Дубай-Алматы бағыты бойынша 2 адамға эконом-класс билеттері табыс етілді.

Жеңімпаздан кейін бірден ChessNews_Mulkubaev, DrOmar, bilimainasy_Yakhiya лақап аттарымен ойыншылар орналасты. Бесінші орында "Алатау Ақпарат" медиахолдингінің тағы бір өкілі, "Вечерний Алматы" сайтының тілшісі Толқын Тәшімов тұр.

ТОП-10-ға QazaQstan_Mukashev, aikyn_bekov, Almas_Kozhemzharov, Khabar_Begalimov және TengeMonitor_Kumar лақап аттарымен ойыншылар кірді.

Екінші орын жүлдегеріне Алматы-Тбилиси-Алматы бағыты бойынша 2 адамға эконом-класс билеттері табысталды.

3 орын жүлдегеріне – Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша 2 адамға эконом-класс билеттері.

Әйелдер арасындағы үздік нәтиже үшін сыйлық – бизнес-класс жамылғысы.

Ең әдемі партия үшін сыйлыққа ұшақ моделі берілді.