«Біздің сүйікті дәрігер» фильмінің жұлдызы көз жұмды

«Біздің сүйікті дәрігер» фильмінің жұлдызы көз жұмды
egemen.kz

Қаралы хабарды танымал өзбек актері, режиссер және продюсер Азамат Иргашев Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Бүгін сағат 16.00-де қазақ және өзбек актрисасы Роза Мансұрқызы Исмаилова 84 жасында ақтық сапарға аттанды. Ол талантты әртіс, кинорежиссер Гияс Шермухамедовтің сүйікті жұбайы және екі ұлының аяулы анасы болған. Жойингиз Жаннатда бўлсин, Аллох рахмат қилсин! Амин!», деп жазды Азамат Иргашев хабарламасында.

Роза Исмаилова 1937 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. 1957 жылы «Қазақфильм» студиясында режиссер Шәкен Айманов пен Александр Карпов түсірген «Біздің сүйікті дәрігер» кинокомедиясында басты рөлді сомдағаннан кейін танымал болды.

Кейін Алматы консерваториясында оқып жүріп, «Жерге оралу» (1959) және «Сплав» (1961) фильмдеріне түсті. Ташкентте отбасын құрған әртіс актрисалық мансабын «Өзбекфильм» киностудиясында  жалғастырды. Ташкентте түсірілген «Алмаз белдеуі» (1985) фильмі Роза Исмаилованың кино өнеріндегі соңғы фильм болды.