Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді

Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді
fbm.ru

Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Тұрғын үй - азаматтарымыз үшін қашан да басты мәселе. «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Сонымен қатар нарықтық ипотека мөлшерлемесі әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы» банкі оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында "бір терезе" қағидаты бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр», - деді Мемлекет басшысы.