Бір тәулікте 9 418 алматылық екпе салдырды

Бір тәулікте 9 418 алматылық екпе салдырды
Сурет: Мonitor.bg

Осы уақытқа дейін екпе салдырған қала тұрғындарының саны 558 104 адамға жеткен.


Бұл туралы ақпарат таратқан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,  Алматы қаласында бір тәулікте 9 418 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


«11 шілде күні 9 418 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 11 шілде аралығында қалада барлығы 558 104 адам вакцина салдырды. Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қариялардың үлесі - 90 263 адам», - деп хабарлады басқармадан. 


Қалада 212 пункт жұмыс істеп тұр. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған. 


«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакциналау пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.