Бір тәулікте 11 251 алматылық вакцина салдырды

Бір тәулікте 11 251 алматылық вакцина салдырды
Сурет: Ria.ru

Екпе салдыру көрсеткіші бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 26 тамыз күні 11 251 алматылық вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«26 тамыз күні 11 251 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 3 894, II компонентін 7 357 адам алды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 26 тамызы аралығында қалада 849 987 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 701 114 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 110 236 адамның жасы 60-тан асқан», - деп хабарлады басқарма.