Бір тәулікте 10 398 алматылық вакцина салдырды

Бір тәулікте 10 398  алматылық вакцина салдырды
Сурет: Inbusiness.kz

Ал екпе салу науқаны басталғаннан бері қалада барлығы 444 311 адамға вакцина салынған.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалада бір тәулікте 10 398 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«28 маусым күні 10 398 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 28 маусымы аралығында қалада барлығы 444 311 адамға екпе салынды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 74 656», - деп хабарлады басқарма.

Қалада 208 егу пункті жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Қала бойынша вакцинаның бірінші компонентінің 31 321 дозасы және екінші компонентінің 100 792 дозасы бар.