Бір тәулік ішінде 15 257 алматылық вакцина салдырған

Бір тәулік ішінде 15 257 алматылық вакцина салдырған
Сурет: Сretalive.gr

Екпенің 1-компонентін ақпан айынан бері 615 661 адам салдырған.

Екпе салудан алматылықтар көш бастап тұр. Өткен тәулікте Алматыда 15 мыңнан астам адам вакцина салдырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz cайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, вакцина алғандар ішінде 60 жастан асқан кісілердің саны - 91 263.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 вакциналау пункті жұмыс істейді. 308 вакцинация бригадасында 1 260 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.

Сондай-ақ қалада коронавирустың таралуы әлі де ұшығып тұр. 13 шілде күнгі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 640 жаңа жағдайы тіркелген.

 «Инфекциялық стационарларда 1 947 адам ем алуда, оның 168-і - бала. Жалпы, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 133 науқас бар. БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 3 527 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 3194, симптомсыз 333 науқас бар», - делінген хабарламада.