«Білімді ұлт»: 1000 мектеп салу бойынша арнайы сайт ашылады

«Білімді ұлт»: 1000 мектеп салу бойынша арнайы сайт ашылады
Inform.kz

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасының аясында арнайы сайт ашылатынын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz BAQ.kz сілтеме жасап.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасының шеңберінде білім саласының барлық деңгейіндегі ең түйткілді, ең маңызды мәселелер қарастырылды. Ұлттық жобада енгізілмеген басқа да өзекті мәселелер тиісті саланы дамыту концепциясында қарастырылып жатыр. 1000 мектеп салу бойынша арнайы сайт дайындап жатырмыз, - деді Асхат Аймағамбетов.
Айтуынша, сайтта интерактивті карта болады.
Онда қай елді мекенде, қай жылы салынатыны, онда неше орындық мектеп болатыны туралы мәліметтер болады. Сондай-ақ ол мектептің бақылау жұмысы, оның құрылыс жұмыстары қандай деңгейде жүріп жатқаны туралы сұрақтарға жауап береді, - деді бас ұстаз.